Өмір жасы 63:
2-Қазан 1923
6-Қазан 1986

Соңғы жаңалықтар

[/aviable]
» » Кемел Тоқаев

Кемел Тоқаев

06 декабрь 2020, Воскресенье
735
1
Кемел Тоқаев (2.10.1923, Алматы облысы, Қаратал ауданы — 1986) - жазушы. Ұлы Отан соғысының ардагері. Ұлы жүздің Жалайыр тайпасының Күшік руынан.

Қызмет жолы

  • 1948 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
  • «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан»), «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттері редакцияларында жауапты қызметтер атқарған.
  • 1960–1977 жж. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Ведомостарының» бас редакторы боп істеген.
  • 1980–1984 жж. Қазақстан Жазушылар одағының әдеби кеңесшісі болған.

Марапаттары

  • Ұлы Отан соғысының І және ІІ дәрежелі ордендері
  • екі мәрте «Ерлігі үшін» медалі
  • басқа көптеген медальдар
  • Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамоталары
  • КСРО Ішкі істер министрлігінің Құрмет Грамотасы
  • КСРО Ішкі істер министрлігінің омырауға тағатын арнаулы белгісі
  • Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақ КСР Ішкі істер министрлігі жариялаған әдеби бәйгелерде бірінші бәйге алып, төрт мәрте лауреат атанды (1956, 1972, 1977, 1980).

Шығармалары


  • Кеңес чекистері тақырыбына арналған оннан астам кітабы қазақ және орыс тілдерінде басылып шықты.
  • «Қызыл комиссар», «Қылмыскер кім?» және «Сиқырлы сырлар» деп аталатын пьесалардың да авторы.

Кітаптары

  • Жұлдызды жорық. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1954;
  • Қыс қарлығашы. Повесть. А., ҚМКӘБ, 1958;
  • Болашақ туралы ойлар. Повестер мен әңгімелер. А., «Қазақстан», 1955, 1958, 1972, 1975;
  • Түнде атылған оқ. Повестер. А., «Жазушы»; «Қазақстан», 1971—1972, 1976;
  • Қастандық. Повесть. «Жазушы»; «Қазақстан», 1971, 1972, 1975, 1976;
  • Арнаулы тапсырма. Повесть. А., «Жазушы»; «Қазақстан»; 1965, 1968, 1976;
  • Сарғабанда болған оқиға. Повесть. А., «Жазушы», 1975;
  • Таңбалы алтын. Повесть. А., «Қазақстан», 1977;
  • Соңғы соққы. Роман. А., «Жазушы», 1981;
  • Солдат алысқа кетті. Роман. А., «Жазушы», 1983;
  • Ұясынан безген құс. Роман. А., «Жазушы», 1983.[1]



Талқылау

Сондай-ақ оқыңыз:

Пікір қалдыру
Пікірлер (1)
Түсініктеме
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кемел Тоқаев (1923 — 1986) - жазушы. Ұлы Отан соғысының ардагері.
"Ақпараттық-технологиялық орталығы "РМР" Қоғамдық қоры