Кемел Тоқаев
Кемел Тоқаев (2.10.1923, Алматы облысы, Қаратал ауданы — 1986) - жазушы. Ұлы Отан соғысының ардагері. Ұлы жүздің Жалайыр тайпасының Күшік руынан.
Қызмет жолы
- 1948 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
- «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан»), «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттері редакцияларында жауапты қызметтер атқарған.
- 1960–1977 жж. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Ведомостарының» бас редакторы боп істеген.
- 1980–1984 жж. Қазақстан Жазушылар одағының әдеби кеңесшісі болған.
Марапаттары
- Ұлы Отан соғысының І және ІІ дәрежелі ордендері
- екі мәрте «Ерлігі үшін» медалі
- басқа көптеген медальдар
- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамоталары
- КСРО Ішкі істер министрлігінің Құрмет Грамотасы
- КСРО Ішкі істер министрлігінің омырауға тағатын арнаулы белгісі
- Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақ КСР Ішкі істер министрлігі жариялаған әдеби бәйгелерде бірінші бәйге алып, төрт мәрте лауреат атанды (1956, 1972, 1977, 1980).
Шығармалары
- Кеңес чекистері тақырыбына арналған оннан астам кітабы қазақ және орыс тілдерінде басылып шықты.
- «Қызыл комиссар», «Қылмыскер кім?» және «Сиқырлы сырлар» деп аталатын пьесалардың да авторы.
Кітаптары
- Жұлдызды жорық. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1954;
- Қыс қарлығашы. Повесть. А., ҚМКӘБ, 1958;
- Болашақ туралы ойлар. Повестер мен әңгімелер. А., «Қазақстан», 1955, 1958, 1972, 1975;
- Түнде атылған оқ. Повестер. А., «Жазушы»; «Қазақстан», 1971—1972, 1976;
- Қастандық. Повесть. «Жазушы»; «Қазақстан», 1971, 1972, 1975, 1976;
- Арнаулы тапсырма. Повесть. А., «Жазушы»; «Қазақстан»; 1965, 1968, 1976;
- Сарғабанда болған оқиға. Повесть. А., «Жазушы», 1975;
- Таңбалы алтын. Повесть. А., «Қазақстан», 1977;
- Соңғы соққы. Роман. А., «Жазушы», 1981;
- Солдат алысқа кетті. Роман. А., «Жазушы», 1983;
- Ұясынан безген құс. Роман. А., «Жазушы», 1983.[1]